Басты мәзір

Қазақстан Республикасының Президентің Жолдауы

 

 

2050-ru

 

expo

han-550

pobeda

Жазылу

Авторландыру



Ауа райы

Пайдалы ақпарат

symbol-kz

Пайдалы сілтемелер

vneshnieissilki
vneshnieissilki


Қош келдiнiздер!

 Жалпы ережелер

1.  «Екібастұз   қаласы   әкімдігінің   сәулет   және   қала   құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) Екібастұз қаласы атқару органдарының бірегей жүйесіне кіреді, Екібастұз қаласы аумағында және ауылдық аймақта мемлекеттік сәулет, қала құрылысы және құрылыс политикасының оперативті басқару мен басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органы болып табылады.     

2.  Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Бөлім ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақсатн Республикасы қаржы Министрлігінің қазынашылық органдарында  ашылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасына  сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Бөлім егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

4. Бөлім құрылымы мен штат санының лимиті Екібастұз қаласы әкімдігімен бекітілген.

5.  Бөлімнің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 141202, Екібастұз қаласы, улица Энергетиков, 62, 3 этаж.

6.  Бөлімнің толық атауы: «Екібастұз   қаласы   әкімдігінің   сәулет   және   қала   құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

7. Бөлім құрылтайшысы Екібастұз қаласы әкімдігі болып табылады. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.

8. Бөлім қызметін каржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік органның функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

9. Құрылтай құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар  Екібастұз қаласы әкімдігінің қаулысы негізінде енгізіледі.

 

  © 2012 - 2017