Басты мәзір

Қазақстан Республикасының Президентің Жолдауы

 

 

2050-ru

 

expo

han-550

pobeda

Жазылу

Авторландыру



Ауа райы

Пайдалы ақпарат

symbol-kz

Пайдалы сілтемелер

vneshnieissilki
vneshnieissilki


Бөлім туралы

Мекеменің атауы

Мекенжайы

Электронды мекенжайы

Интернет-ресурс

Сенім телефоны

«Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі

улица Энергетиков, 62, 3 этаж

Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript

arch-ekb.gov.kz

34-74-06

 

                                                 
«Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің өкілдігі

«Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылықты бірінші басшы жүргізеді және Бөлімге жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.

«Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы қызметіне қала әкімі тағайындайды және қызметінен босатады.

«Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің өкілдігі:   
1)  қызметкерлердің міндеттерін және өкілеттілігін белгілейді;
2) заңнамаға сәйкес қызметкерлерді қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) заңнамада белгіленген тәртіпке қарай қызметкерлерді мадақтау, материалдық көмек көрсету және қызметкерлерге тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
4)  барлық  қызметкерлерге  міндетті  өкім  шығарады, нұсқаулар береді;
5) «Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесін мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарға ұсынады;
6) мемлекеттік органда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс–әрекет бағытында шара қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылданылуа  дербес жауап береді;
7) әр тоқсан сайын қазыналық органдарға мемлекеттік мекеменің төлем төлеуін, соның ішінде ақша алушылардың белгілі шоттарының тексерілуін қамтамасыз етеді;
8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес басқа да өкілдіктерді жүзеге асырады.
Мемлекеттік органның бірінші басшысы болмаған кезде оның өкілетін  орындау қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

 

Өкілдігін, міндеттері мен қызметтерін айқындайтын заңнамалар мен нормативтік актілердің тізбесі

 

          Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» №242 Заңы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 мамырдағы «Объектілерді салу үшін бастапқы материалдарды (деректерді) және рұқсат беретін құжаттарды ресімдеу мен беру тәртібін оңайлату жөніндегі кейбір шаралар туралы» №425 қаулысымен бекітілген, объектілерді салу үшін бастапқы материалдарды (деректерді) және рұқсат беретін құжаттарды ресімдеу Қағидасы.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңы.
«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы».
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы №442 Жер Кодексі.
Қазақстан Республикасының құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы істері Агенттігі мен Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация Министрлігінің «Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу Қағидасын бекіту туралы» бірлескен бұйрығы.
05.07.2011 жылы №452-IV өзгерістер енгізілген, Қазақстан Республикасының «Жарнама туралы» Заңы.

 

Мемлекеттік органның құрылуы туралы тарихи анықтама

«Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі 1998 жылы құрылыс және сәулет істері Басқармасы таратылған соң құрылды (1998 жылғы 9 шілдедегі № 5145-1945-У-е тіркеу туралы куәлік).
Екібастұз қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 14 қаңтардағы «Екібастұз қаласының бюджетінен қаржыландырылатын кейбір атқару органдарды құру және қайта атау туралы» №16/1 қаулысымен «Екібастұз қаласы әкімдігінің қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қайта аталды.

 

 

 

  © 2012 - 2017